Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Венгриядағы турнирде 5 алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Бочкай атындағы турнир аяқталып, қазақстандық боксшылар бес алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы сапында Асхат Жүсіпов (48 келі), Асылжан Серікбай (57 келі), Бeйбарыс Жексен (60 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі) және Ерасыл Жақпеков (80 келі) чемпион атанды. 

Асхат Жүсіпов финалда украиналық Андрей Тишковецті жеңсе, Асылжан Серікбай венгриялық Роланд Верештен басым түсті. 

Бейбарыс Жексен венгриялық Крузито Ковачты ұтса, Ертуған Зейнуллинов Ричард Ковачты тізе бүктірді. 

Ерасыл Жақпеков венгриялық Пал Ковачты жеңді. 

Даниял Сәбит (51 келі), Кенже Мұратұлы (54 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) күміс жүлдегер атанды

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай