Қазақ боксшылары "Странджа" халықаралық турниріне қатысады

Қазақ боксшылары "Странджа" халықаралық турниріне қатысады
Фото: ©instagram.com/boxingkazakhstan/

Ақпан айында Болгария елінің астанасы Софияда бокстан  "Странджа" турнирі өтеді. Осымен 75-рет ұйымдастырылатын турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады.

Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Ол жақында ғана әскери ант қабылдаған болатын.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болуы да мүмкін. 

"Странджа" турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы: 

51 кило: Санжар Тәшкенбай
54 кило: Дәулет Молдашев
57 кило: Оразбек Асылқұлов
60 кило: Руслан Күзеубаев
63,5 кило: Ерасыл Танкай
67 кило: Дулат Бекбауов
71 кило: Талғат Шәйкен
75 кило: Нұрқанат Райыс
80 кило: Тұрсынбай Құлахмет
86 кило: Абзал Құттыбеков
92 кило: Сағындык Тоғамбай

Турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай