Қазақ боксшылары Куба және Өзбекстан құрамаларымен бірлесіп жаттығу өткізуде

Қазақ боксшылары Куба және Өзбекстан құрамаларымен бірлесіп жаттығу өткізуде
Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы Түркістан облысындағы "Алма тау" базасында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды ҚР ҰОК. 

Жаттығу жиынына Қазақстан, Өзбекстан және Куба құрамалары қатысуда. 

Қазақстан командасы сапынан Париж Олимпиадасына жолдама алған 6 боксшы мен Таиландтағы соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бар. 

Өзбекстан командасы жаттығу жиынына 12 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлем чемпиондары Руслан Абдуллаев пен Абдумалик Халоков, Олимпиада чемпионы Бахадүр Жалолов бар. 

Куба құрамасы Алехандро Кларо Фис, Сейдел Норта, Арлен Лопез бен Хулио Сезар Ла Крузды алып келген. 

Бірлескен жаттығу жиыны 21 сәуірге дейін жалғасады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KAZAKH BOXING🇰🇿 (@kazakhboxing)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай