Қазақ боксшылары Белградта өткен турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды

Қазақ боксшылары Белградта өткен турнирде 4 алтын медаль жеңіп алды
Фото: ©instagram.com/boxingkazakhstan

Сербия астанасы Белградта өткен бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы халықаралық турнирінде қазақ боксшылары 4 алтын, 4 күміс медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. 

Жарыс финалында Қазақстанның 8 боксшысы жұдырықтасты. Олардың төртеуі жеңіп, төртеуі қарсыласына жол берді.

Ернұр Қайрат (48 кило), Санжар Тәшкенбай (51 кило), Дәулет Молдашев (54 кило) мен Диас Молжігітов (75 кило) өз салмақ дәрежелерінде топ жарды. Сабыржан Аққалықов (71 кило), Ерасыл Жақпеков (80 кило), Данияр Рақымбердиев (92 кило) пен Олжас Боқаев (+92 кило) күміс жүлдегер атанды. 

Белградтағы жарысқа қазақ боксшыларын Ғани Әшкеев, Талғатбек Жақпеков, Бағдат Оңғарбеков, Нұржан Насанов сынды жаттықтырушылар бастап барды. 

Биылғы  Бранко Пешич мемориалы халықаралық турниріне әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 12 боксшы бақ сынады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай