Қазақ боксшылары әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Қазақ боксшылары Астанада бас қосып, әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

12-26 маусым аралығында елордада Мырзағали Айтжановтың құрамасы бас қосты. Алдағы Elorda Cup халықаралық турниріне де дайындық жүріп жатыр, - деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ташкентте өткен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы сәтті өткізді. Отандастарымыз 4 алтын, 1 күміс жүлде еншілеп қайтқан болатын. Санжар Тәшкенбай (48 кило), Махмұд Сабырхан (54 кило), Асланбек Шымбергенов (71 кило) пен Нұрбек Оралбай (80 кило) чемпион болса, Дулат Бекбауов (67 кило) күміс жүлдегер атанған еді.