Қазақ балуаны UWW таңдауымен қазан айының үздік спортшысы атанды

Қазақ балуаны UWW таңдауымен қазан айының үздік спортшысы атанды
Фото: ©UWW

Бүкіләлемдік күрес ұйымы (United World Wrestling - грек-рим күресі, еркін күрес және әйелдер күресінің халықаралық федерациясы) қазан айының қорытындысы бойынша үздік балуандарды анықтады. 

Ерлер арасында қазақ балуаны Сұлтан Әсетұлы грек-рим күресінен айдың үздік спортшысы атанды. Ол жуырда ғана Тиранада (Албания) өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 килоға дейінгі салмақта чемпион болды. 

Сұлтан Әсетұлы бұл санатта əлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ балуаны.

Әйелдер арасында америкалық Эмит Элор айдың үздік балуаны болды. Ол да жастар арасындағы әлем чемпионатында 72 килоға дейінгі салмақта топ жарған. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Olympic Wrestling (@unitedworldwrestling)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай