Қазақ балуаны әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Күрес түрлерінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Асыл Айтақын жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Еркін күрестен 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз ширек финалда неміс балуаны Хорст Лераны 8:1 есебімен жеңіп шықты. 

Асыл ширек финалға дейін Әзербайжан өкілі Нуреддин Новрузовпен белдесіп, ұтылып жатып, тамаша әдіспен жеңіске бастар жолды тапқан еді. Ал оған дейін қырғыз балуаны Омирбек Асан уулумен кездесіп, қарсыласын 4:0 есебімен жеңген болатын. 

Жартылай финалдық белдесулер Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!