Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт нысанын салу жоспарланып отыр

Қайтарылған активтер есебінен 6 спорт нысанын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы аяқталғанын айтты.

Одан бөлек қазір үш нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олар - Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадион, Алматы облысындағы спорт кешені және Көкшетаудағы көп функционалды кешен.

"Жаңа 6 нысан бойынша өтініш жолданды. Олар - Түркістан облысы Бақыбек ауылындағы, Алматы облысы Шеңгелді және Заречный кенттеріндегі, Қостанай облысы Арқалық және Лисаков қалаларындағы спорт кешендері, сондай-ақ, Астанадағы "Қазақстан" спорт кешені", - деді Ербол Мырзабосынов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз