4-14 желтоқсан аралығында Қатарда ауыр атлетикадан Гран-При турнирінің екінші кезеңі өтеді. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады. Ұлттық құрама сапында 1 жылдан бері халықаралық жарыстарға қатыспаған Денис Уланов та бар.
Денис 81 килоға дейінгі салмақта бақ сынайды. Рио Олимпиадасының қола жүлдегері мансабындағы біржылдық үзілістен кейін құрамаға оралды.
Гран-При жарысында спортшылар медаль үшін ғана емес, рейтингілік ұпай үшін де бақталасады. Сол ұпайлар арқылы Олимпиада ойындарына тікелей жолдама алатын болады.
Қатардағы жарысқа 13 ауыр атлетіміз қатысады:
45 келі: Айнұр Әбдіхалықова
59 келі: Дарья Балабаюк
67 келі: Сайрамкез Ақмолда
73 келі: Әлібек Рахымберді
73 келі: Әли Нұрбай
76 келі: Айша Омарова
81 келі: Арай Нурлыбекова
81 келі: Денис Уланов
89 келі: Асылжан Бектай
89 келі: Еламан Сейтқазы
96 келі: Кирилл Староверкин
102 келі: Әлішер Сейтқазы.
109 келі: Сұлтан Мейрам.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз