Бүгін алматылық "Қайраттың" болашақ қарсыласы – лондондық "Арсенал" Англияның қазіргі чемпионы "Ливерпульмен" кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч Англия Премьер-лигасының (АПЛ) 3-тур аясында Англиядағы "Энфилд" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады.
АПЛ-дың қазіргі чемпионы мен вице-чемпионы арасындағы кездесуді Setanta Sports 1 телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады. Сондай-ақ трансляция арнаның сайтында қолжетімді.
Еске салайық, 28 тамызда Монакода Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңінің жеребесі өтті. Соның нәтижесінде алматылық "Қайраттың" барлық қарсыласы белгілі болды. Солардың бірі – 13 мәрте Англия чемпионы атанған және 2006 жылғы Лига чемпионатының финалисі лондондық "Арсенал".
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек