Алматылық "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин "Чемпионатқа" берген сұхбатында Азиядан шыққан футболшыларға жетекші клубтардың қызығушылығы артып келе жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Енді біздің нарыққа көз түсті. Өзбекстанда Хусановты "Манчестер Ситиге" сатып алды, ал біздің Дастан Сәтпаев жақын уақытта "Челсиге" барады. Олардың бас скауты келіп, қазір топ-клубтар азиялық нарыққа назар аудара бастайды деді. Бұл – біздің жас футболшылар үшін қосымша мүмкіндік. Сонымен қатар, ол ойыншыларға ұзақ мерзімді жоспар қойып, бірнеше жыл бойы бақылап, ілестіріп жүруі мүмкін екенін айтты", — деді Уразбахтин.
Еске сала кетейік, "Қайрат" пен "Челси" арасындағы келісім биыл ақпанда рәсімделген.
17 жастағы шабуылшы ағылшын клубына 2026 жылғы жазда, кәмелет жасына толғаннан кейін бірден қосылады.
Лондондық клуб оны "көгілдірлердің" шабуыл шебіндегі жаңа буынның бір бөлігіне айнала алатын ұзақ мерзімді жоба ретінде қарастырып отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!