Бүгін, 28 ақпанда Қазақстан Суперкубогы үшін "Қайрат" пен "Тобыл" кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы мен Қостанай командаларының текетіресі елордада, "Астана Арена" стадионында өтеді.
Ойын Qazsport телеарнасынан және арнаның ресми сайтынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кездесу 17:00-де басталады.
2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының қорытындысы бойынша "Қайрат" чемпиондық атағын қорғап, екінші жыл қатарынан бірінші орын алды. Ал "Тобыл" чемпионатты үшінші орында аяқтап, бұған қоса Қазақстан Кубогын жеңіп алды.
Екі клуб та ел Суперкубогын үш реттен иеленген: алматылықтар трофейді 2016, 2017 және 2025 жылдары көтерсе, қостанайлықтар 2021, 2022 және 2024 жылдары жеңіске жеткен.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!