Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) 24-тур аясында Алматының "Қайрат" командасы Талдықорғанның "Жетісу" командасын 5:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші таймда ойын қызу жүрді, алаң иелері қарсыласқа төрт гол соқты.
9-шы минутта 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев пенальти орындап, есеп ашты. 11-минуттан кейін португалиялық Жоржиньо есепті екі есе арттырды, ал 35-ші минутта ол дубль жасап, есепті ширата түсті. Бірінші таймның ая5ында бразилиялық Эдмилсон Сантос 43-ші минутта төртінші голды соқты.
Ойынның соңғы нүктесін 90-шы минутта Азамат Тұяқбаев қойып, есепті 5:0 қылды.
Осы жеңістен кейін Рафаэль Уразбахтиннің командасы 55 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді, "Астананы" (53 ұпай) басып озды. Ал Самат Смақов жетекшілік ететін "Жетісу" 21 ұпаймен 11-ші орынға түсіп отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек