Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының (ҚПЛ) матчі аясында Алматының "Қайрат" пен Талдықорғанның "Жетісу" командалары ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сары-қаралардың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Мадридтің "Реалына" қарсы Лига Чемпиондарының жалпы кезеңінің екінші турында 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін келесі ойыншыларды таңдап алды:
Негізгі құрам: Шерхан Қалмұрза (қақпашы); Луиш Мата, Александр Мартынович (капитан), Егор Сорокин, Александр Мрынский, Олжас Байбек, Дамир Қасаболат, Валерий Громыко, Дастан Сәтпаев, Жоржиньо, Эдмилсон.
Қосалқы құрам: Диас Реймов (қақпашы), Лев Кургин, Александр Широбоков, Еркин Тапалов, Адлет Сәдібеков, Офри Арад, Юг Станоев, Гиорги Зария, Азамат Тұяқбаев, Рикардиньо.
"Жетісу" кейінгі турда Қызылорда "Қайсарымен" 1:1 есебімен тең ойнаған.
Талдықорған командасының бас бапкері Самат Смақов Алматы командасына қарсы негізгі құрамға келесі ойыншыларды қойды:
Негізгі құрам: Денис Кавлинов (қақпашы), Мейк Карвот, Максим Ковель, Дінмұхаммед Қашкен, Дмитрий Шмидт (капитан), Давид Есимбеков, Сайду Фофана, Сослан Такулов, Алан Чочиев, Мохамед Буя Турай, Рафаэль Саксесс.
Қосалқы құрам: Михаил Голубничий (қақпашы), Артур Егоров (қақпашы), Аслан Ахмедов, Берік Шайыхов, Ринат Серікқұл, Диас Орынбасар, Жансұлтан Мұхаметханов, Ален Айманов, Нұрберген Нұрбол.
Матч қайда және қашан өтеді?
Ойын бүгін, 5 қазанда Алматыдағы "Орталық" стадионында сағат 16:00-де басталды. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көруге болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек