“Қайрат“-“Реал“ матчіне 5 мыңнан аса шетелдік келді

Алматыда өтетін "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчін тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан аса шетелдік келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жеткен. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы мәлімдеді.

"Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келді", - деп жазылған хабарламада.

Мәліметке сүйенсек, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақүйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!