30 қыркүйекте алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік "Реалмен" өз алаңында ойнайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Матч Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді, ойын сағат 21:45-те басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасынан сағат 21:35-те көрсетіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы полициясы жол қозғалысы шектелетінін ескертті. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Ал қала әкімдігі мәліметінше, тегін автобустар матч аяқталғаннан кейін орталық стадионнан негізгі бағыттарға дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова