“Қайрат“-“Реал“ матчі: тарихи ойынға қатысты маңызды мәліметтер

Massaget.kz тілшісі "Қайрат"-"Реал" матчі қарсаңында маңызды мәліметтерге шолу жасады.

Қалай кіргізеді?

Билет сатып алғанда азаматтардан ЖСН және төлқұжат деректері сұралды. Осы деректер стадионға кірген кезде де тексеріледі.

Қай көшелер жабылады?

Алматы полициясы бүгін жол қозғалысы шектелетінін ескертті. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Түнде тегін автобустар жүреді

Қала әкімдігі мәліметінше, тегін автобустар матч аяқталғаннан кейін орталық стадионнан негізгі бағыттарға дейін жүреді. Барлығы 60 автобус жолға шығып, 6 нүктеге дейін қатынайды:

  • Орталық стадион - "Алматы Арена" (тақтайша - А1, жүретін орны - батыс бағыттағы Абай даңғылы);
  • Орталық стадион - Райымбек/Алатау (тақтайша - А2, жүретін орны - батыс бағыттағы Абай даңғылы);
  • Орталық стадион - "Алматы-1 вокзалы" т/ж (тақтайша - А3, жүретін орны - солтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион - Орбита ш/а (тақтайша - А4, жүретін орны - оңтүстік бағыттағы Байтұрсынов көшесі);
  • Орталық стадион - Жұлдыз ш/а (тақтайша - А5, жүретін орны - шығыс бағыттағы Абай даңғылы);
  • Орталық стадион - әуежай (тақтайша - А6, жүретін орны - шығыс бағыттағы Абай даңғылы).

Сонымен қатар, қала метросының жұмысы түнгі сағат 01:00-ге дейін ұзартылады. 

Айта кетейік, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қоғамдық тәртіпті күзетуге 2,5 мыңнан аса қызметкер тартылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!