“Қайрат“-“Реал“ матчі: полиция азаматтарға үндеу жасады

“Қайрат“-“Реал“ матчі: полиция азаматтарға үндеу жасады
Фото: Tengri Sport коллажы

Алматы полициясы "Қайрат"-"Реал" матчіне қатысты халыққа үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері азаматтарға билет сатып алу кезінде мұқият болуды ескертті. ІІМ өкілдері билетті тек ресми кассалардан және лицензиясы бар таратушылардан сатып алуды ұсынды.

"Билетті қолдан немесе тексерілмеген интернет платформалардан сатып алмаңыз. Күмән туған жағдайда ресми дистрибьютор кассасына жүгініңіз. Бұл - өзіңізді және қаражатыңызды қорғаудың жалғыз жолы. Біздің мақсатымыз – киберқылмыстарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу", – деді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Әнес Қалдыбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде "Қайрат" мына командалармен кездеседі:

  • мадридтік "Реал" (үйде),
  • миландық "Интер" (қонақта),
  • бельгиялық "Брюгге" (үйде),
  • лондондық "Арсенал" (қонақта),
  • грек командасы "Олимпиакос" (үйде),
  • лиссабондық "Спортинг" (қонақта),
  • кипрлік "Пафос" (үйде),
  • даниялық "Копенгаген" (қонақта).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget