“Қайрат“-“Реал“ матчі: желіде билет сататындар көбейді

“Қайрат“-“Реал“ матчі: желіде билет сататындар көбейді
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Әлеуметтік желіде "Қайрат"-"Реал" матчіне билет сататындар пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Threads желісіндегі жазбалардың бірінде желі қолданушысы екі билетті 1 миллион 400 мың теңгеге бағалаған. Жазба авторының сөзінше, бәрі заңды түрде рәсімделеді.

Қазақстандықтар құзырлы органдардан осы жағдайға қатысты тексеріс жүргізуді сұрады.

Еске салайық, 23 қыркүйекте "Қайрат" пен "Реал" матчіне билеттер сатылды. Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget