"Қайрат" футбол клубы чемпиондар лигасының билеті туралы ресми ақпарат жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Билеттер 23 қыркүйекте сағат 17.00-ден бастап сатыла бастайды. Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді. ЖСН және төлқұжат деректері көрсетілуі керек. Бұл деректер стадионға кірген кезде де тексеріледі.
Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!