"Қайрат" пен "Реал" матчіне билет сатылымы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 17:00-де онлайн кезек ашылды. Ал кезекте 100 мыңнан аса адам тұр.
Айта кетейік, бір адамға 2 билеттен артық берілмейді. ЖСН және төлқұжат деректері көрсетілуі керек. Бұл деректер стадионға кірген кезде де тексеріледі.
Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!