“Қайрат“-“Реал“ матчі: билет бағасы қаншалық әділ қойылған?

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннен Алматыда өтетін "Қайрат" - "Реал" матчіне билет бағасы қаншалық әділ қойылғаны сұралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында.

"Бұл - нарық. Жанкүйерлер бар, олар билетті бағасына қарамай алады. Олар сонымен өмір сүреді. Менің ойымша, адамның мүмкіндігі болса, сатып алады", - деп жауап берді шенеунік Сенат дәлізінде.

Еске салайық, 23 қыркүйекте "Қайрат" пен "Реал" матчіне билеттер сатылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!