“Қайрат“ пен “Селтик“ кездеседі: матчті қашан, қайдан көруге болады?

“Қайрат“ пен “Селтик“ кездеседі: матчті қашан, қайдан көруге болады?
Фото: "Қайрат" ФК

21 тамызға қараған түні алматылық "Қайрат" пен шотландиялық "Селтик" Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі бірінші матчін өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу Глазго қаласында өтеді. Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Жанкүйерлер ойынды Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады. Сондай-ақ, трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.

Қарымта матч 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget