Бүгін елордадағы "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасы аясында алматылық "Қайрат" пен пирейлік "Олимпиакос" кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ойын жергілікті уақытпен сағат 20:30-да басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, арнаның ресми сайтынан онлайн тамашалауға болады.
Қала әкімдігі матч күні стадионға қатынайтын шамамен 25 автобус ұйымдастырмақ. Автобустар мына орындардан қатынайды:
Автобустар 18:00-де қозғала бастайды және екі бағытта қатынайды.
Матч кезінде Астана Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шамамен 2800 полицей жұмылдырылады.
Астана әкімдігі мәліметінше, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!