“Қайрат“-“Олимпиакос“ матчі: ең маңызды сауалдарға жауап

“Қайрат“-“Олимпиакос“ матчі: ең маңызды сауалдарға жауап
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Бүгін елордада "Астана Арена" стадионында Чемпиондар лигасы аясында алматылық "Қайрат" пен пирейлік "Олимпиакос" кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Матчті қайдан және қашан тамашалауға болады?

Ойын жергілікті уақытпен сағат 20:30-да басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ, арнаның ресми сайтынан онлайн көрсетіледі.

Астана әкімдігінің үндеуі

Қала әкімдігі матч күні стадионға қатынайтын шамамен 25 автобус ұйымдастырмақ. Автобустар мына орындардан қатынайды:

  • Қалалық цирк автотұрағы;
  • "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  • "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
  • Орталық парк автотұрағы;
  • Бас мешіт автотұрағы. 

Автобустар 18:00-де қозғала бастайды және екі бағытта қатынайды.

Полицияның үндеуі

Матч кезінде Астана Полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шамамен 2800 полицей жұмылдырылады.

Жолдар жабыла ма?

Астана әкімдігі мәліметінше, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілмейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget