Алматылық "Қайрат" жергілікті "Левскиге" қарсы алғашқы матчке қатысу үшін Болгария астанасы Софияға жетті. Кездесу 2026/27 жылғы Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"София, ние сме тук!" ("София, біз келдік!") - деп жазылған "Қайраттың" Instagram-дағы жарияланымында.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
"Левски" - "Қайрат" матчі 4 тамызда Софиядағы "Георгий Аспарухов" стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.
Қарымта кездесу 11 тамызда сағат 20:00-де Түркістанда өтеді. Алматыдағы Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті жоспарланғандықтан, матч басқа қалаға ауыстырылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қақпашы Темірлан Анарбеков пенальтидің бірін қайтарғаннан кейін, "Қайрат" екінші іріктеу кезеңінде кипрлік "Омонияны" пенальти сериясында 6:5 есебімен жеңіп, екінші жыл қатарынан еурокубоктардың күзгі кезеңіне жолдама алды.
Еске салайық, былтыр да Орталық стадионда Қазақстан құрамасының қақпашысы шотландиялық "Селтикке" қарсы пенальти сериясында бірнеше соққыны қайтарып, командасының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектескен еді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Бұған дейін Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаев "Челси" сапындағы екінші ойынын "Тоттенхэмге" қарсы жолдастық матчте өткізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz