“Қайрат“ - “Левски“ матчі: полиция жанкүйерлерге ескерту жасады

Бүгін "Түркістан Арена" стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында "Қайрат" пен "Левски" командалары кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осыған байланысты полиция қалада адам көп шоғырланатын орындарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі.

Полицейлер тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындауға шақырды.

"Футбол матчін тамашалауға келген жанкүйерлерден өзара сыйластық танытып, арандатушылыққа жол бермеуді, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және белгіленген қауіпсіздік талаптарын қатаң орындауды сұраймыз", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!