Алматылық "Қайрат" команданың бас бапкері қызметіне Құрбан Бердыевтің тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.
68 жастағы ресейлік маман "Қайраттың" маусымдағы үшінші жаттықтырушысы. Бердыев бұдан бұрын алматылық клубты 1991-1993 және 1994-1995 жылдар аралығында басқарды.
Алматылық клуб маусымды беларусь маманы Алексей Шпилевскийдің жетекшілігімен бастады. Бірақ маусымның басында жас жаттықтырушы "Қайраттан" кетті.
Кейінірек ісары-қараларі 42 жастағы Кирилл Кекерді бас бапкердің міндетін атқарушы етіп тағайындады, ал бір жарым айдан кейін қазақстандық маман толыққандыбапкер атанды.
Алайда, клуб Еуропа лигасынан шығып қалған соң, "Қайрат" Кеккермен қоштасты.
Бердыев "Қайратта" мамыр айынан бері жұмыс істегеп келеді. Ол клубтың бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі болған.
Құрбан Бердыев Қазанның "Рубинінде" жұмысымен кеңінен танымал болды. 2008 жылы оның жетекшілігіндегі клуб ЦСКА мен Мәскеудің "Динамосынан" озып, бірінші рет Ресей чемпионы атанды.
Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясы (IFFHS) тарапынан өтікізілген әлемнің ең үздік бапкерлері тізімінде 2008-2009 маусым бойынша Құрбан Бердыевтің есімі бар.