“Қайрат“ клубы екі легионермен қоштасты

“Қайрат“ клубы екі легионермен қоштасты
Фото: kazfootball.kz

Алматылық "Қайрат" клубы жартылай қорғаушылар Офри Арад пен Гиорги Зариямен қоштасқанын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі футболшы да келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті.

Гиорги Зария

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Грузиялық хавбек "Қайрат" сапына 2024 жылғы қаңтарда қосылды. Алғашқы маусымында Зария 30 матчте 15 нәтижелі әрекет жасап, Қазақстан Премьер-лигасының үздік жартылай қорғаушысы атағын иеленді.

2025 жылы ол "Қайраттың" ел чемпионатында қайтадан алтын алуына, Суперкубокты жеңуіне және Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті. Клубтағы жалпы көрсеткіші: 59 матч, 16 гол, 11 нәтижелі пас.

"Қайрат" ФК Гиоргиға жарқын ойыны мен команданың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабына сәттілік, жаңа белестер тілейді", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Офри Арад

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «Қайрат» ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Израильдік жартылай қорғаушы "Қайратқа" 2023 жылғы ақпанда келді және үш маусым ішінде команданың табысына елеулі үлес қосты. Арад клубпен бірге Қазақстан чемпионатын екі рет - 2024 және 2025 жылдары жеңіп, ел Суперкубогын иеленді, сондай-ақ, алматылықтардың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуына көмектесті.

"Қайрат" сапындағы соңғы матчінде ол "Интердің" қақпасына "Джузеппе Меацца" стадионында гол соқты (1:2). Жалпы алғанда, Офри Арад клуб үшін 92 матч өткізіп, 3 гол соғып, 10 голдық пас берді.

"Қайрат" ФК Офриға жоғары кәсібилігі, жанкештілігі және команданың жетістіктеріне қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабына сәттілік, жаңа жетістіктер тілейді", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget