“Қайрат“ капитаны құрама сапында жарақат алды

Минскіде Беларусь құрамасының және алматылық "Қайрат" клубының капитаны Александр Мартынович Грекияға қарсы өткен ойында жарақат алып қалды. Қорғаушының тісін ойын барысында қағып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Футболшы алаңға капитандық таңғышпен шыққанымен, 54-минутта жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. Беларусь құрамасы қарсыласынан 1:5 есебімен жеңілді.

Александр Мартынович 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде Грекияға қарсы ойынды аяғына дейін жалғастыра алмады.

Келесі ойын команда 8 қыркүйекте Шотландияға қарсы өткізеді.

Сол уақытта "Қайрат" та маусымның қарқынды кезеңіне дайындалып жатыр: 14 қыркүйекте ҚПЛ-дың 23-турында "Ақтөбемен" матч өтсе, 19 қыркүйекте алматылықтар Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Лиссабонда "Спортингке" қарсы сырт алаңда ойынды бастайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!