“Қайрат“ Италияда “Аталантамен“ тең ойнады

"Қайрат" футбол клубы Конференция лигасының үшінші турында Италияның "Аталанта" командасымен тең түсті, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бергамода өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да екінші таймда соғылды. 53-минутта Марк Гуаль "Қайратты" алға шығарса, 82-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Никола Крстович есепті теңестірді.

Қазақстандық команда матч барысында жинақы қорғанып, қарсы шабуылдар арқылы қауіп төндіруге тырысты. "Қайрат" қақпашысы Темірлан Анарбеков бірнеше рет қауіпті соққыны қайтара білді.

Бұл – "Қайраттың" турнирдегі екінші тең нәтижесі. Бұған дейін "Ригамен" ұпай бөліскен еді. "Панатинайкосқа" қарсы ойында ұтылған болатын.

"Қайрат" Конференциялар лигасындағы келесі матчын 26 қарашада өз алаңында Швецияның "Мьельбю" клубына қарсы өткізеді.