Алматылық "Қайрат" Миланда өтетін "Интерге" қарсы матчке билет сатылымы басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кездесу 6 қарашада Италияның Милан қаласында орналасқан әйгілі "Джузеппе Меацца" стадионында өтеді. Бұл стадионға 75 мыңнан аса көрермен сыяды.
Билет бағасы 3 000 теңгеден басталады. 8 еуроға (5 мың теңге), 10 еуроға (6200 теңге), 14 еуроға да (8700 теңге) билеттер бар. Ең қымбат билет құны - 349 еуро (217 мың теңге).
Еске салайық, "Қайраттың" бұған дейін Алматыда өткен матчіне билет құны 30-250 мың теңге аралығында болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!