«Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншымен толықты

Алматының «Қайрат» футзал клубы жаңа ойыншымен толықты. Иран құрамасының шабуылшысы Хоссейн Тайеби қазақстандық клубтың қатарына қосылды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Қос тарап арасындағы келісімшарт «1+1» жүйесі бойынша түзілген. Спортшы медициналық тексеруден сәтті өткен.

- Мен «Қайратпен» келісімшартқа қол қойғаныма қуаныштымын. «Қайрат» - әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. Ең жоғары нәтижелерге таласады. Осында клубтың құрамына қосылғаныма қуаныштымын, - деді Хоссейн Тайеби.

Хоссейн Тайеби Иран құрамасы сапында 75 ойынға қатысып, 66 гол соққан.