Алматының "Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы бірінші ойында "Пястқа" (Польша) есе жіберді, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Гливицеде өткен матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екі гол да бірінші таймда соғылды. 15-минутта Томаш Крезель есеп ашса, араға екі минут сала Карлос Эдуардо нәтижені еселеп кетті.
Екі команда арасындағы қарымта ойын 4 желтоқсан күні Алматыда өтеді.
1/8 финалға "Семей" клубы да шыққан. Команда бүгін Украинаның "Атлетик" командасымен кездеседі.
Жарыстың финалдық кезеңі 2027 жылы 7-9 мамыр аралығында Швейцарияда өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!