"Қайрат" футболшысы Еркебұлан Сейдахмет актрисамен неке қиды

"Қайрат" футболшысы Еркебұлан Сейдахмет актрисамен неке қиды
Фото: instagram.com/f.c.kairat

"Қайрат" футбол командасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет актриса Нұрсұлу Ізбасаровамен неке қиды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Неке қию рәсімі 14 қарашада өткен. Бұл туралы "Қайрат" футбол командасы хабарлады.

"Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова не қиды. Сендерді отбасылық өмірге қадам басып, шаңырақ көтерулеріңмен құттықтаймыз!", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЙРАТ» ФК | FC KAIRAT ALMATY (@f.c.kairat)

Жас жұбайлар да қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от N U R S ? (@izbasarova.kz)

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет пен Нұрсұлу Ізбасарова осыдан алты жыл бұрын танысқан.

Еске салайық, биылғы тамыз айында футболшы Алматыда өткен "Астанамен" (1:0) матчта сүйіктісіне ұсыныс жасағанын хабарлаған едік.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан