Алматылық "Қайрат" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі соңғы матчте Англияның "Арсеналымен" ойнау үшін Лондонға ұшты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қайраттың" баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде команданың Алматы әуежайынан Ұлыбритания астанасына аттанған сәтінен видео жариялады.
Топтық кезеңнің соңғы туры қарсаңында алматылық клуб турнир кестесінде испаниялық "Вильярреалмен" қатар 36-орында тұр.
"Арсеналға" қарсы матч 28 қаңтардан 29 қаңтарға қараған түні Қазақстан уақытымен 01:00-де өтеді.
Еске салайық, Чемпиондар лигасындағы алдыңғы ойында алматылық "Қайрат" тарихи гол соққанына қарамастан бельгиялық "Брюггеге" есе жіберген болатын.
Қазақстандық клубтың еншісінде Кипрдің "Пафосымен" болған матчтегі (0:0) тең ойыннан кейінгі бар болғаны 1 ұпай ғана бар.
Қалған 6 ойында "Қайрат" португалиялық "Спортингтен" (1:4), мадридтік "Реалдан" (0:5), миландық "Интерден" (1:2), даниялық "Копенгагеннен" (2:3), грек "Олимпиакосынан" (0:1) және бельгиялық "Брюггеден" (1:4) жеңілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!