“Қайрат“ Чемпиондар лигасында рекорд орнатты

"Қайрат" биылғы маусымда футзалдан Чемпиондар лигасында тарихи жетістікке жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматылық команда турнирде рекорд дәрежеде 21-маусымын өткізді және ең көп матч өткізген клуб ретінде көш бастап тұр. Жалпы саны - 111 ойын. Португалиялық "Спортингтің" де жүзден аса кездесуі бар.

Биылғы "Төрттік финалы" Францияның Ле-Ман қаласында өтті. Финалдық ойында испаниялық "Пальма" мен "Қайрат" кездесіп, қазақстандық команда 4:9 есебімен ұтылып қалды.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде "Спортинг" пен испаниялық "Картахена" негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады, ал нәтиже пенальти сериясында шешілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!