“Қайрат“ әлемнің үздік футзал клубы атағына үміткер

Алматылық "Қайрат" футзал клубы беделді халықаралық Futsal Planet Awards 2025 сыйлығының үміткерлері қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Команда "Әлемнің үздік футзал клубы" атағына таласады.

Алматылық ұжым Испания, Аргентина, Бразилия, Италия, Таиланд және Уругвайдың алдыңғы қатарлы клубтарымен бәсекеге түседі.

Жүлде иегері 7 қаңтарда анықталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!