Қазақстандық боксшы қыз Елдана Тәліпова Бангкокта басталған 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында бақ сынамайтын болды. Ол жұдырықтасатын салмақта қарсылас табылмаған.
Елдана 81 килодан жоғары салмақта шаршы алаңға шығуы керек болған. Алайда бұл салмақ дәрежесінде жұдырықтасуға бірде-бір спортшы келмеген. Нәтижесінде ұйымдастырушылар бұл салмақ дәрежесін жарыстан алып тастау туралы шешім қабылдаған.
Кей желі қолданушылары боксшы қыздың кінәлі емес екенін алға тартып, оған алтын медаль беру жайлы да жазып жатыр.
Елданадан өзге Азия чемпионатына 11 боксшымыз қатысады. Олар: Әнел Құдайберген (48 кг), Мөлдір Тойкова (50 кг), Жансая Рахымберды (52 кг), Анель Сақыш (54 кг), Виктория Графеева (57 кг), Шахназ Исаева (60 кг), Назерке Серік (63 кг), Ақнар Ищанова (66 кг), Жасмин Кизатова (70 кг), Дана Дидай (75 кг), Гүлсая Ержан (81 кг).
Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!