“Қатемен жұмыс“. Махмұд Сабырхан інісімен дайындық сәтінен ерекше видео жариялады

“Қатемен жұмыс“. Махмұд Сабырхан інісімен дайындық сәтінен ерекше видео жариялады
Фото: instagram.com/sabyrkhan_makhmud/

Танымал боксшы Махмұд Сабырхан інісі Төрехан Сабырханмен жаттығу залында спарринг өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшылар жанкүйерлеріне арнап видео жариялады.

"Қатемен жұмыс", - деп жазды боксшы желідегі парақшасында.

instagram.com/sabyrkhan_makhmud/ 

Айта кетейік, ағайынды боксшылар жуырда Ұлан-Батыр қаласында (Моңғолия) өткен Азия чемпионатына қатысты.

Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) күміс медальға ие болса, Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget