- Негізгі бет
- Спорт
- Қатарынан үш Олимпиадада...
Қатарынан үш Олимпиадада медаль алған зілтемірші қыз қайтыс болды
Фото:
insidethegames.biz
Ауыр атлетикадан қатарынан үш бірдей Олимпиада ойындарында жүлде алған индонезиялық зілтемірші қыз Раема Лиса Румбевас 43 жасында көз жұмды. Бұл туралы Индонезия ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады.
Спортшы 14 қаңтар күні Джайпур қаласындағы ауруханада қайтыс болған. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
Раема Лиса Румбевас 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында 48 килоға дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанған. 2004 жылы Афиныда 53 килоға дейінгі салмақта бақ сынап, тағы күміс алған. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында осы салмақта қола алған. Сондай-ақ 2006 жылы әлем чемпионатында да күміс медаль еншілеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
О. Сансызбай