Катар ӘЧ-2022-де үйленбеген адамдарға жыныстық қатынасқа тыйым салады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионатында футболшыларға, қызметкерлер мен жанкүйерлерге және үйленбеген адамдарға жыныстық қатынасқа түсуге тыйым салынады. Осы ереже бұзылса, айыптылар жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Daily Star ақпаратынша, мұндай тыйым әлем чемпионаты тарихында алғаш рет енгізіліп отыр.
"Катар - консерватив ел, ал сүйіспеншіліктің қоғамдық көрінісі ешқандай жағдайда да мақұлданбайды", - делінген Катар жоғарғы комитетінің хабарламасында.
Сондай-ақ, әлем чемпионатында кеш өткізуге және ішімдік ішуге тыйым салынады.
Еске салайық, Катардағы футболдан әлем чемпионаты 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.