Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Сұлтан Зауырбектің (15-0, 11 КО) келесі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
Қазақстандық боксшы 10 қараша күні Брайтонда (Ұлыбритания) жекпе-жекке шығады. BoxRec ақпараты бойынша отандасымыз аргентиналық Серхио Мартин Сосамен (13-3, 3 КО) қолғап түйістіреді.
Сұлтан Зауырбек бұған дейін никарагуалық Элиесер Антонио Кесадамен (24-16-3, 9 КО) жұдырықтасады деп күтілген еді.
WBO European чемпиондық белбеуіне ие отандасымыз бұл жекпе-жегіне Эдинбургте (Шотландия) дайындалды. Соңғы өткізген кездесуі де осы қалада болған. Ол кезде испан боксшысы Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) үшінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Осы жекпе-жегінен кейін оны бокс мамандары Геннадий Головкиннің ізбасары деп баға бере бастаған-ды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!