Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Президентке үндеу жасап, көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Боксшы үндеуін Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
"Біз Qazaq Promotion компаниясы елімізде 2016 жылдан бері елімізде бокс кештерін ұйымдастырып жүрміз. Сол кеште тұңғыш жекпе-жегін өткізген Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ербосынұлы сынды қазақтың мықты жігіттері шығып жүр. 2019-2020 жылдардан кейін елімізде түрлі себептермен кәсіпқой бокс кешін ұйымдастыра алмай жүрміз. Өзіңізге 3-4 ай бұрын кәсіпқой бокс кештерін өткізуге көмектесуге өзіңізден өтініш айтып, хат жаздық. Хатымыздың жауабын ала алмай отырмыз.
Алла бұйырса 16 желтоқсанда өзім бастаған қазақтың тағы 17 кәсіпқой бокс кешіне дайындалып отырмыз. Ол бокс кештерінің үзіліс таппай, әр үш-екі ай сайын елімізде өтуіне өзіңіздің тікелей қолдау көрсетіп тікелей бақылауыңызда ұстауыңызды үміт етеміз. Сол кешке көмекші болып қазақтың мықты жігіттерінің қазақтың туын көтеруге көмектесуіңізді сұраймыз. Аман болыңыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - дейді боксшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!