13-21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додада грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали алтыннан алқа тақты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Спортшы olympic.kz-ке берген сұхбатында бастан алған жарақаты туралы айтты.
"Жарақатым ешқандай кедергі келтірген жоқ. Бірақ құлағыма қарсыластың шынтағы тиді, содан қасым жарылды. Құлағым кішкене ауырсынды. Бірақ сол арада таңғышты орап, әрі қарай күресу керек болды. Қас жарылса да, алтынды жұлып алу керек болды", - деді ол.
Айта кетейік, 60 келіде бақ сынаған Айдос Сұлтанғали финалдық бәсекеде Өзбекстан балуанын таза жеңген еді. Ол бұған дейін 2018 және 2022 жылдары қола жүлдені еншілеген болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!