- Негізгі бет
- Спорт
- Қарсыласын нокдаунға түсірген...
Қарсыласын нокдаунға түсірген қазақ боксшысы финалға шыға алмады
Бокстан Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері басталды. 60 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Талғат Сырымбетов тай боксшысын нокдаунға түсіріп, дәл тиген соққыларымен ерекшеленсе де финалға өте алмады.
Қазақ боксшысы бірінші раундта Пхутханет Родсукты нокдаунға түсіріп, төреші есеп ашты. Одан кейінгі раундтарда да Талғат алға ұмтылып, ширақ шабуыл, жойқын соққыларымен ерекшеленген. Алайда төрешілер 3:2 есебімен қарсыласын жеңімпаз деп таныды.
Талғат Сырымбетов Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
Айта кетейік, осыған дейін 3 қазақ боксшысы финалға шыққан. Олар – Махмуд Сабырхан (-57 кило), Нұрсұлтан Алтынбек (- 54 кило) және Санжар Ташкенбай (- 48 кило). 63,5 кило салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы моңғол боксшысына жол беріп, қола медальды қанағат тұтты. Алда 6 боксшымыз жартылай финалдық жекпе-жегін өткізеді.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!
Н. Үсенова