Боксшы Карина Ибрагимова Ханчжоуда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында жұдырықтасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақ боксшысы (57 келі) алтын үшін айқаста Тайбэй былғары қолғап шебері Ю Тин Лиден жеңіліп қалды. Есеп: 0-5. Соған қарамастан оның еншісінде Париж Олимпиадасының жолдамасы бар.
Карина Ханчжоу шаршы алаңдарында барлығы 3 жекпе-жек өткізді. Алғашқы кездесуде Жинь Хьян Пэкті (Солтүстік Корея) жарыс жолынан шығарған. Ширек финалда Намуун Монхорды (Моңғолия) жеңген. Жартылай финалда Миджона Самадовадан (Тәжікстан) басым түскен.
Ибрагимова – әлем чемпионатының 3 дүркін жүлдегері. 27 жастағы спортшы биыл күміс, 2022 мен 2018 жылы қола медаль алған. Былтыр Азия чемпионы атанған.
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы бұл ойындарда 1 күміс, 1 қолаға ие болды. Жалпы әйелдер боксы Азиада бағдарламасына 2010 жылы қосылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!