Қуат Хамитов еркін күрестен Ризабек Айтмұханның тарихи жеңісін миллион долларға бағалап, министрлерге үн қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ММА файтері Қуат Хамитов 2023 жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстаннан тұңғыш әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханның тарихи жеңісі туралы пікір білдірді.
Бұл туралы спорты Instagram-парақшасында бөлісті.
"Міне, бүгін - үлкен тарихи күн, тарихи сәт. Қазақ спортынан, қазақ күресінен ағаларымыз, аталарымыз осы күнді көре алмай кетті. Сүйінші! Жеңіс құтты болсын! Әлем чемпионы болдық. Бұл - тарихта болмаған сәт. Өте қуаныштымыз. Болмайтын спорт түріне жылына 200-300 миллиондап ақша бөліп жатырмыз, болмайтын легионерге де сол ақша кетіп жатыр. Барлық министрге үн қатып жатырмын, өзіміздің қара домалақ балаға миллион доллар беру керек. Қарапайым ауылдың баласы миллион доллар алып жатыр дегенді естігенде, ауыл балаларында да спортзалдарға барып, Ризабек секілді әлемді мойындатамын деген мақсат пайда болады. Қазақ спорты алға баса берсін, - деді спортшы.
Еске салайық, бұған дейін Қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 92 килоға дейінгі салмақта әлем чемпионы атанғаны хабарланған еді. Белград боз кілеміндегі финалда отандасымыз әзербайжандық спортшы Осман Нұрмогамедовті жеңді.
Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды құттықтады.
Тағы да оқи отырыңыз: Мектепте тегін тамақ кімге беріледі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!