- Негізгі бет
- Спорт
- Канелоның гонорары мен...
Канелоның гонорары мен Головкинмен жекпе-жек өтетін күні аталды
Сауль Канело Альварестің гонорары мен Геннадий Головкинмен жекпе-жек өтетін күні аталды.
Агенттіктің хабарлауынша, мексикалық 2022 жылы DAZN ағынды қызметі бойынша құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізуге келісім жасап жатыр.
Бұл деректерге сүйенсек, "күрделі схема" деп атайтын "Канелоның" жоспары мынадай:
• 7 мамыр - Саулдың жартылай ауыр салмаққа ауысып WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жек өткізуі;
• 17 қыркүйекте Альварес барлығы өзі жоспарлағандай болса, ол супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.
"Дереккөздердің хабарлауынша, мұндай пакеттік жоспар әлі келісіліп, қол қойылған жоқ, бірақ келіссөздер аяқталуға жақын", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) осы уақытқа дейін екі жекпе-жек өткізді. Аталмыш кездесудің бірі тең, бірі Саульдың жеңісімен аяқталды.
Т. Раушанұлы