Канело мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек сенсацияға айналды

Канело мен Кроуфорд арасындағы жекпе-жек сенсацияға айналды
Фото: IG/doseofgenius©

Бүгін, 14 қыркүйекте, мексикалық Сауль Альварес (63-2-2, 39 KO) америкалық Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 KO) кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) Allegiant Stadium аренасында өтті. Олар суперорта салмақта абсолют чемпион атағы үшін күресті. Жекпе-жек он екі раундқа есептеліп, барлық раунд өтті. Қиын шайқаста төрешілер бірауыздан Теренс Кроуфордтың жеңісін жариялады (116-112, 115-113, 115-113), ал фаворит Сауль "Канело" Альварес деп есептелген еді.

Америкалық үшін бұл кәсіби карьерасындағы 42-ші жеңіс болса, мексикалық үшін үшінші рет жеңіліс болып отыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget